KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3,5 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейде төтенше жағдай жарияланды

29.03.2018, 17:34 157

Семей қаласы әкімдігі 29 наурыз күні жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.



 


Айта кетейік, Ертіс бассейін инспекциясының нұсқаулығымен Шүлбі СЭС-нан шамадан артық су көлемі Ертіске жіберілген-ді. Осы жағдай Семейге үлкен қауіп төндіргені рас. Мәселен сегіз сағатта жеткен арынды су алдымен Түйемойнақ аралындағы жеке секторға жайылды. Жедел әрекеттің нәтижесінде бұл аумақтағы ахуал реттеліп, өзеннің ағысы қалпына келтірілді. Әйтсе де тілсіз жау қаланың Мирный, Затон аудандары мен Бобровка кенттеріне лап қойды.



Соңғы мәліметке сәйкес, Семей қаласында 140 үй мен үй маңындағы қоражайларға су жайылған. Бобровка кентінде 600-ге тақау саяжай, 150-дей тұрғын үй, сондай-ақ Затон ауданында 75 үй қызыл судың құрсауында қалған екен. Тұтастай алғанда 252  адам қауіпсіз жерге көшірілді. Десе де ресми органдар бұл санақтың өсуі мүмкін екенін жасырмады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив