KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Өскеменнің жастары 8 наурыз күні әйелдерге арналған дәстүрлі акция өткізді

9.03.2018, 07:01 258

Облыс орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде нәзік жандыларға гүл тарту ету акциясы өтті. Бұл іс-шара жылда дәстүрлі түрде өткізіледі.


Акцияны Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділері ұйымдастырып отыр. Құшақ-құшақ гүл шоқтарымен қала көшелеріне шыққан жас жігіттер кездескен әйел адамдарды мерекесімен құттықтап, гүл тарту етеді.



Ұйымдастырушылар мереке күні таңнан бастап қала ішін «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компанияларының арнайы безендірілген көліктерімен аралап, гүл мен ашық хат таратты. Осылайша мейрамда нәзік жандыларға гүлмен бірге жақсы көңіл-күй сыйлаған еді.




Белсенді жастар Республика алаңынан бастап ЖМК аудына дейінгі орталық көшелерді аралап шыққан екен.


[su_slider source="media: 25294,25295,25296,25297,25298"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив