KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Күршімде көші-қонды азайтуға бағытталған шаралар қабылдануда

6.03.2018, 05:36 88

Шалғайда жатқан шекаралық аудандарының бірі саналатын Күршімде урбанизация үрдістеріне қарсы шаралар қолға алынған. Жергілікті халықты тұрақтандыру жолында жасалып жатқан жұмыстар жайлы аудан әкімі Сейсенғазы Чукаев баспасөз маслихатында айтып берді.


Аудан әкімінің айтуынша, шекаралық елді мекендер мәселесіне бейжай қарауға болмайды. Аудан облыс орталығынан шалғайда жатқандықтан, мұнда халықтың қалаға қарай ағылуы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Көші-қонды тоқтатудың бірден-бірі жолы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды жұмыспен қамту деп есептейді аудан басшысы. Осы орайда аудан халқын жұмыспен қамту мәселесіне де жіті мән берілген.


- Кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында «ГРК МЛД» ЖШС-нің «Қаршыға» мыс кен орнында кен байыту кешенін ашу жоспарланып отыр. 2018 -2024 жылдар аралығында кен өндеу басталса, жүздеген жұмыс орыны ашылары анық. Сонымен қатар, 2017 жылы жұмысы тоқтап қалған Бұқтырма балық өсіру және уылдырық шашу шаруашылығы Ақмол Холдинг компаниясымен бірлесіп шаруашылығын қайта жандандырды. Бүгінгі күні кәсіпорында 47 адам жұмыс істейді,-дейді аудан әкімі.


Жергілікті халықты тұрақтандырып қалу мәселесімен қатар, ауданда басқа аймақтардан көшіп келген отбасылармен халық санын арттыру да жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жылы Күршімге құрамында 76 адам бар 23 оралман отбасы және еңбек күші артық өңірден бір отбасы көшіп келген. Оларға жолақы субсидиясы және жалға беру коммуналдық қызмет төлеу шығындары берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив