KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Спортшылардың рухын күймен көтерді

24.02.2018, 03:06 246

Өскеменде кәсіптік және техникалық білім алушы студенттер арасында волейболдан облыстық жарысболды.


Шараны ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің студенті Санат Амантаев әйгілі «Адай» күйімен бастады. Өнерге келгенде ел мен елдің арасында шегара болмайтындығын ескерсек, сол шектеудің рулар арасына да қойылмасы екі бастан белгілі. Дауылпаз күй додаға сайланып тұрған спортшылардың арқасын қоздырып, рухын көтеріп тастады. «Алға, жігіттер!» «Ал сәттілік!» Әрбір өтіп жататын сайыстарды, әсіресе спорт жарыстарын жалынды күймен бастап, үміткерлердің рухын ояту – құптарлық іс екен.


– Бұл – биыл колледж оқушылары арасында өткелі тұрған бірінші бәсеке. Жарыстар бұдан әрі қарай жыл көлемінде жалғаса береді. Ұзын саны 10 спорт түрінен өткізуді жоспарладық. Қортындысы желтоқсан айында шығарылады. Солайша ең үздік оқу орны мен спортшыны анықтайтын боламыз, – деді сайысты ұйымдастырушы облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры Әлима Ақылбекқызы. – Жарысқа қатысуға 17 колледжден командалар жасақталып келді.

Бас төреші Болатбек Айшабекұлы спортшыларды ойын шартымен құлақтандырып, жасақтарды төрт топқа жіктеді. Алғашқы топқа – бес, қалған топтарға төрт-төрт жасақтан түсті.


Сонымен, воллейбол басталды. Қай жасақтың жеңерін қайдан білейік, біздің тамашалағынымыз «Өскемен көпсалалы технология колледжі» мен семейлік «Геодезия және картография» колледжінің ойыны болды. Болашақ картографтар қарсыласын бетқаратпай ұтты. Алғашқы екі партия да солардың еншісіне жазылды.


Бірақ амал қанша, нәтижеге келгенде бұл жасақтың айы оңынан туа қоймады. Бұлардан айласын асырған Геологиялық барлау колледжі (Семей) үшінші тұғырға қонды. Ал екінші орынды – Политехникалық колледж (Өскемен), бірінші орынды Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі (Өскемен) алды.


– Біз еңбектеніп өз тобымыздан суырылып шықтық. Бірақ төртінші орынға табан тіредік. Волейболда,бокстағы секілді, жартылай финалға шыққан екі жасақты жүлдеге таластырмай, үшінші орынды бөліп берсе қандай жақсы болар еді. Не ары емес, не бері емес, қақ ортада қалған жаман екен. Өте өкінішті, – деп сұхбат берді«Геодезия және картография» колледжінің ойыншысы Шыңғыс Совет. Қолдан келер қайран бар ма?

Айта кетейік, бұл тек ұлдар арасында өткен жарыс. Ал нәзік жандылардың бәсекесі наурыз айына жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив