KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Волейболдан облыстық жарыс басталды

20.02.2018, 11:22 96

Өскеменде кәсіптік және техникалық білім алушы студенттер арасында волейболдан облыстық жарыс басталды. Сайысқа өңірдегі 17 колледжден келген командалар қатысуда.


– Бұл биылғы колледж оқушылары арасында өткелі тұрған бірінші жарыс. Жарыстар бұдан әрі қарай жыл көлемінде жалғаса береді. Ұзын саны 10 спорт түрінен өткізуді жоспарладық. Қортындысы желтоқсан айында шығарылады. Солайша ең үздік оқу орны мен спортшыны анықтайтын боламыз, – деді облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры Әлима Ақылбекқызы.

[su_slider source="media: 24244,24247,24245"]


Сонымен, жарыс басталды, 17 команда төрт топқа жіктелді. Нәтижесі 24 ақпанда белгілі болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив