KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.03 480.38 4.91

«Ақ бата – асыл мұра»

21.02.2018, 10:06 97

Шар қаласындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Н. Сыдықовтың бастамасымен облыстық «Ақ бата – асыл мұра» байқауының іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Шығармашылық байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.



Бата - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ұлттық құндылығымыз, рухани тәрбиенің алтын мұрасы. Байқуды өткізудегі негізгі мақсат жас буынды аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Сайысқа аудан көлемінде 19 ауылдық округтен еңбек ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қатысуға ниет танытқан. Ол негізгі 3 бөлімнен тұрды. Атап айтқанда, «Ұлттық салт-дәстүрге берілетін бата», «Тәуелсіз елге бата» және «Ақ бата». Қатысушылар жеребе тартып «Наурыз», «Ораза айт батасы», «Дастарханға бата», «Тұсаукесер», «Жолаушыға», «Жас талапкерге», «Келінге», «Жас жұбайларға», «Алғыс», «Игі бастамаларға», «Ықылас», «Тілашар», «Шаңырақ» және сол сияқты бата беру бойынша сынға түсті. Байқаудың нәтижесіне сәйкес Ақжал ауылының тұрғыны М. Жармухамет бас жүлдегер атанды. Енді батагөй ақсақал облыстық конкурсте ауданның атынан шығатын болады. Сол секілді белсене қатысқан ақсақалдар мен жүлделі орын иегерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Шара соңын мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концертпен аяқталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив