KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
480.11 532.25 5.14

Кеше «Алтай Альпілері» тау-шаңғы кешенінде жаттығу кезінде зардап шеккен Надежда Соснова операциядан кейін есін жинады

8.02.2018, 11:05 204

Бұл туралы кеше жаттығу кезінде құлап қатты жарақат алған  жас сноубордшының туыстары хабарлады.


- Надежда есін жинады, өздігінен тыныс ала бастады, - дейді спортшының жақындары, - ол жасанды желдету құрылғысынан ажыратылды. Дәрігерлер оның жағдайын үнемі қадағалап отыр. Олардың айтуынша, қызымыздың есін жинағанының өзі өте жақсы. Үмітімізді үзбейміз.

Естеріңізге сала кетейік, жаттығу кезінде «Алтай Альпілерінде» сноубордшы Надежда Соснова құлап жарақаттанған болатын. 19 жастағы спортшымен болған жағдайдың себептері анықталуда. Қазір оның жағдайы ауыр.


Туыстарының айтуы бойынша, Надежда құлаған кезде  ауыр жарақаттар алған, оны жедел түрде Өскемен қаласының ауруханасына жеткізіп, шұғыл түрде операция жасалған.


- Біздің өтінішімізге жауап беріп көмек көрсеткендердің барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз –дейді бойжеткеннің туыстары. -Бүгін таңертең қан орталығына көптеген адамдар келді. Бізге 8 777 273 38 92 телефоны бойынша тікелей хабарласыңыздар, егер тағы қан қажет болып жатса біз сіздерге хабарлаймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив