KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Өскеменде автокөлік өртенді

5.02.2018, 05:17 106

Оқыс оқиға 4-ші ақпан күні Бажов көшесінің бойында болған. Бұл жолы Газель  маркалы автокөлігі өртенді.  Сол маңдағы куәгерлер өрт сөндірушілерді шақырғанымен, тілсіз жау лезде лаулап, көлік толықтай жанып кетті.  Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.



– Өрт аумағы есептеліп жатыр, алдын- ала болжам бойынша, көлік тетіктерінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған,-дейді қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің өкілдері

Құтқарушылардың мәлімдеуінше   қазір автокөліктердегі өрт оқиғасы деректері жиі тіркеліп жатыр. Көлік жүргізушілері  қозғалтқышты іске қосу үшін  моторлы бөлігін жылыту кезінде  қауіпісздік ережелерін мүлдем ескермейтін көрінеді.Сондықтан мамандар сақтық шараларына салғырт қарамауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив