KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Жақсы жұмыс істегенге - су жаңа көлік

12.12.2017, 07:15 78

Жер қойнауының қазба байлығын зерттеп келе жатқан Өскемендегі «Best & Alliance Group» ЖШС басшысы Болат Бағадаевтың айтуынша шығыста қазба байлығы орындары әлі де көп. Ұлтымыздың тұңғыш академигі, геолог Қаныш Сәтбаевтың өзі айтып кеткендей тек оны ұқыпты, үнемді пайдалана алуымыз керек.


Қазіргі заманауи ғарыштық, геофизикалық зерттеулер болашақ кен орындарын табуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанда, облыста осыған дейін ашылған кен орындарының қоры азайып барады. Сол себепті жаңа қазба орындарын зерттеп, барлауға мемлекеттен қаржы біршама көп бөліне бастады. «Best & Alliance Group» ЖШС кәсіпорыны жер қойнауын зерттеуге арналған мемлекеттік тендерлерге қатысып, сол тапсырыстар аясында барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ең бірінші болып Қазақстанда жер қойнауын зерттеудің заманауи технологияларын қолданып жатыр.


Геологиялық кәсіпорын ұжымы биылғы жылды да табыспен аяқтап отыр.



-«Best & Alliance Group» ЖШС өз кәсіпорыны ішінен оқу орталығын ашты. Орталықтың үш айлық оқу курсында геология саласының мамандары дайындалып жатыр. Семей геология колледжін , ШҚМТУды бітірген мамандарды да алып келеміз. ШҚМТУ дағы геология кафедрасына өзіміздің тәжірибелі мамандарымыз сабақ беріп, келісім шартқа отырып, маман даярлау мәселесін бірлесе шешіп келеміз. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына үлкен көңіл бөлініп отыр. Соңғы жылдары жақсы жұмыс істеген бұрғылаушыларға, геологтарға сыйақыға жеті су жаңа көлік бердік. Ұжымның жетістігі үшін, еңбеккерлердің талпынысы үшін, оларды осылай қолдап, қуаттап отырмыз,-дейді Өскемендегі «Best & Alliance Group» ЖШС бас директоры Болат Бағадаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив