KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Дінге тартушының басты қарсыласы – сіздің отбасы мүшелеріңіз

27.09.2017, 05:03 120


– Қазіргі кезде әлеуметтік желілерден жат ағымдардың ықпалына шақыратын неше түрлі жағдайларды көріп жүрміз. Балаларымыз үшін де алаңдаймыз. Менің сұрағым келетіні, өзіңді және отбасыңды әлеуметтік желілердегі радикалды дінге тартудан қалай сақтандыруға болады?


Дидар Бақытбек

Зайсан ауданы


Сауалға облыстық дін істері басқармасының бас маманы Қуанышбек Тұтқышев жауап береді:


– Әлеуметтік желілердегі радикалды дінге тартушылардан сақтану үшін төмендегіні мұқият есте ұстаған абзал:


- Әлеуметтік желілерге өзіңіз туралы жеке ақпаратты шығармаңыз. Жеке бастарындағы проблемалары туралы бір-біріне шағымданатын хабарларды тартушылар тиімді пайдаланады. Егер сіздің проблемаларың болса, оны тек туыстарыңмен және жақындарыңмен бөліс.


- Әлеуметтік желілердегі күмән тудыратын ұсыныстарды қабылдама. Сенімен достасуға ниет білдірген адамның комментарийлерін оқыңыз. Егер де саған күмән тудыратын адам болса, оны «қара тізімге» енгізіңіз.


- Дінге тартушының басты қарсыласы – бұл сіздің отбасыңыздың мүшелері, сіздің ата-аналарыңыз. Сондықтан, оның мақсаты – оларды бейтараптандыру, олардың беделін басқаға ауыстыру.

- Егер әлеуметтік желі арқылы сізге күдікті «смс-хабарлама» жолданса және оның бұдан әрі тарату өтініш болса, абайлаңыз, ол жалған ақпарат болуы мүмкін.


Бұдан басқа да қажетті ақпараттарды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің, ШҚО дін істері басқармасының ресми сайттарынан, e-islam.kz ақпараттық порталынан, Play Маркеттегі «Религиозные течения Казахстана» мобильді қосымшасынан алуға болады.


«Қауырт желі - 114», сенім телефоны: 8(7232) 70-56-56. Біз сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге және қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив