KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

"Алтай" қыздарына сәл ғана сәттілік жетпей қалды

29.05.2017, 18:00 196



Жаңа ғана Б.Александров атындағы Спорт сарайында волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатының финалына шыққан екінші команда анықталды.

Өкінішке қарай, ақтық сында Қазақстан чемпионы, өскемендік "Алтай" өнер көрсетпейді. Екінші жартылай финалда жапондық "Хисамицу Сеяку Спрингс" командасымен ойнаған жерлестеріміз бес партияда 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Аса тартысты өрбіген матчтың кезеңдері 18:25, 25:17, 25:21, 22:25, 16:14 есептерімен аяқталды. Енді Ярослав Антонов шәкірттері ертең сағат 14:30-да қытайлық "Тяньцзинь Боxай Банк" командасымен үшінші орын үшін таласады.

Қытайлық ұжым өз кезегінде бірінші жартылай финалдық ойын аясында тайландтық "Суприм" командасына 1:3 есебімен жол берді.

Финалға келетін болсақ, жарыстың ақтық сынында жапон және тай елдерінің чемпиондары кездесіп, чемпиондық атақ үшін талас жүргізбек. Ойынның басталуы ертеңгі сағат 17:00.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив