KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Қаңтардың ортасында Қалғұты өзені тасып, шаруалар қауіпсіз жерлерге көшіп жатыр

19.01.2014, 18:00 204



ШҚО, Күршім ауданындағы Қалғұты өзені қыстың ортасында арнасынан асып, бірнеше шаруа қожалығы су құрсауында қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзен Ақши ауылынан екі шақырым қашықтықта арнасынан асып, жағаға жайылып кеткен. Сол маңдағы үш шаруа қожалығы, бірнеше тұрғын үй мен қора-қопсы қыстың ортасында ойламаған жерден тасыған судан зардап шегіп отыр. Аталған қожалықтардың иелігінде 1300 ден астам қой, 425 бас ірі қара бар. Қазір шаруалар малдарын Ақши ауылына айдап апарып, жергілікті тұрғындарының қораларына орналастыруға мәжбүр болып отыр.

- Ауыл әкімдігінің мәлімдеуінше, өзеннің тасуы өткен жылы Ақши ауылын судан сақтандыру мақсатында Қалғұты өзенінің арнасын бұру жұмыстары салдарынан болып отыр,-деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив