KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.03 480.38 4.91

Семейде дін саласын реттейтін заңнамалар түсіндірілді

7.11.2013, 18:00 117


Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев, Тыныбай мешітінің имамы Біржан қажы Аманжолұлы және Воскресенск соборының дьяконы Дмитрий Нектеровтан құралған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Семей - Водоконал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен №5 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қосалқы мектеп-интернаты ұжымдарымен кездесіп, қоғамдағы дінаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Семейде  дін саласын реттейтін заңнамалар түсіндірілдіКүн тәртібінде азаматтардық діни сауаттылығын арттыру, дін саласын реттейтін заңнамаларды түсіндіру мәселелері тұрды.

Тыңдаушыларға негізгі ақпараттар ұсынылғаннан кейін, кездесу сұрақ-жауап түрінде жалғасын тауып, жиналғандар өздерін мазалайтын мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив