KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Неміс халқының көңілді «Oktoberfest» мерекесі өтті

20.10.2013, 18:00 230


Бесқарағай аудандық Достық үйінденеміс халқының көңілді «Oktoberfest» мерекесі өтті. Бұл неміс ұлтының күздік өнім мерекесі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Oktoberfest дегеніміз өзінді көрсетіп және басқаларды көр дегенді білдіреді. Мерекеде ауданның бес ауылдық округінен келген қатысушылар өз ауылдық округтерінде өсірілген көкөністер көрмесін ұйымдастырды. «Ең үлкен сәбіз», «Ең ұлкен қызылша», «Ең үлкен асқабақ», «Ең үлкен орамжапырақ» номинациялары бойынша ең ірі көкөністердің байқауы өткізілді.

Неміс халқының  көңілді «Oktoberfest» мерекесі өттіЖиналған қауымды аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Рахметуллин және аудан әкімінің аппарат басшысы Т.Н.Глазинский құттықтады.

Мереке барысында қонақтарға Семей қаласынан келген «Gluck» неміс жастар клубы мен «Anhaid» ән-би ансамбілі өз өнерлерін көрсетіп, арасында тұрғындармен әртүрлі ойындар өткізілді.

Бесқарағайлықтар аудандық Достық үйіне көңілдерінен шыққан іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив