KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Зейнеткерлерге арналған чак-чак пати

3.10.2013, 18:00 191


Семейдегі «Сабантой» мейрамханасы қарттар мерекесіне орай татар диаспорасының ардагерлеріне татар ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қонақтарды есік алдынан ұлттық киім киген бойжеткендер қарсы алды. Дастархан басында Семей шаһарында тұрып жатқан татар диаспорасының аға буын өкілдері, олардың арасында қоғам қойраткерлері, өндіріс ардагерлері, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бар, бас қосты. Мерекеге жиналғандарды татар әйелдерінің «Ақ калфак» қоғамдық ұйымының мүшелері құшақ жая қарсы алды.

Дәмі тіл үйірер чак-чакпен, әртүрлі бәліштермен ыстық шәй ішкен қонақтар өздерінің жастық шақтарына ойша оралып, өткен-кеткенді естеріне алды, жора-жолдастарын түгендеп, біраз әңгіменің тетігін ағытты.

Зейнеткерлерге арналған чак-чак патиСалтанатты бөлімнен кейінзейнеткерлер татар халық әндерін тыңдап, балет-хореография мектебінің өнерпаздарының билерін тамашалады. Белсенділері өздері де билеп, біраз бойларын жазды.

Кеш соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив