KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскемен ЖЭО жылыту маусымына қамданып жатыр

28.07.2013, 18:00 196


Өскемен ЖЭО-да алдағы жылыту маусымына әзірлік жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы алты айдың ішінде қондырғыларды жаңғыртуға 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған нысанның осы жылға межеленген жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 4,3 млрд. теңге инвестиция қарастырылған. Оның 3,2 млрд. теңгесі қайта жөндеу мен жаңғыртуға, 225 млн. негізгі құралдарды жаңартуға, 313 млн. күрделі құрылысқа және 592 млн. ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлініп отыр.

Қазір бес қазандық пен төрт турбинада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстың жалпы сомасы – 1,7 млрд. теңге.

Сондай-ақ, №11 турбоагрегатты қайта жөндеу қолға алынса, №8 және 12 қазандық агрегаттарында экран құбырларын ауыстыру, буды қайта қыздырудың сыртқа шығу және ыстық пакеттері микроблоктарын ауыстыру сияқты шаруаларды жылыту маусымы басталғанға дейін іске асыру көзделген.

Бұл шаралардың орындалуы қыс басталған кезде облыс орталығын жылумен және энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив