KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Семейдің жылу қазандықтарының жұмысы жандандырылады

23.01.2013, 18:00 227


Семей қаласында күн жылынысымен бірнеше көшенің асфальт төсеніші мен тротуарлары ауыстырылмақ. Биылғы жылу маусымы аяқталысымен 14 мөлтек аудан, Байсейітов көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Найманбаев көшесіне дейінгі аралық) бойында кварталішілік жөндеу мен ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұнымен қоса 35 кварталда орналасқан жылу қазандығына қосымша қазандық орнату қолға алынады, ол үшін 320 млн. теңге қаражат бөлінбек. Сонымен қатар «Зооветинститут» қазандығына сараптама жүргізу нәтижесінде оған жаңа су жылытқыш қазандығын орнату қажеттігі анықталды.

«Теплокоммунэнерго» мекемесіне жоспарлы жұмыстарына биылғы жылы 2,3 млрд теңгеге жуық қаржы қажет, оның 1,8 млрд теңгесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады. 342, 352 кварталдардағы орталық жылу пункттеріне, агролаборатория, «МЭН» қазандығына жобалау жұмыстары үшін бөлінетін қаржы қазір жоспарлануда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив