KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Тәртіп бұзушылар полицейлердің қолын тістеп, кірпіш лақтырды

9.07.2013, 18:00 88


Мереке күндері көңіл көтерген екі жас жігіт өздеріне ескерту жасаған полиция қызметкерлерін тыңдамағанды айтпағанда, оларға дене жарақатын салуға тырысқан, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аягөз ауданында қонаққа келген 18 жастағы жігіт полиция қызметкерін соқпақ болған. Ішімдік ішіп алған бозбала қоғамдық орында бейбастақтық жасап, маңайдағы жазғы үйлердің бірінің терезесін шаққан. Дабыл бойынша жеткен учаскелік инспектор тәртіп бұзған 1995 жылғы жігітті анықтайды. Полиция қызметкері жігітті тыныштандырмақ болғанымен ащы суға қызып алған қонақ бой бермейді. Жерде жатқан арматураны алып, құқық қорғаушыны соқпақ болады, онысынан ештеңе шықпағасын оған қарай кірпіш жіберіп қалған. Қазір қоғамдық орында тыныштық бұзған қонақ қамауға алынып, оған қатысты қылмысты іс қозғалды.

Өскемен қаласындағы кафелердің бірінде тәртіп бұзған жас жігіт те оған ескерту жасаған полиция қызметкерлерін тыңдамайды. Оны қызметтік көлікке мәжбүрлеп отырғызбақ болған кезде патрульдік экипаждың жүргізушісінің саусағын тістеп алды.

Үлбі аудандық полиция бөлімінде «тістегіш» азаматтың аты-жөні анықталған. Ол Өскеменнің түбіндегі Алтай кентінің 28 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны болып шықты. Ол енді билік адамына күш көрсеткені үшін жауапқа тартылатын болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив