KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
480.11 532.25 5.14

Шығыс Қазақстанда аусыл індетіне шалдыққан 600-ден астам ірі қара мал басы құртылды

21.05.2013, 18:00 232


Шығыс Қазақстан облысында аусыл індетіне шалдыққан 600-ден астам ірі қара мал басы құртылды. Үш мыңнан астам ірі қара мен төрт мыңнан астам ұсақ тұяқ мал аусылға қарсы егілді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округінде 9-15 мамыр аралығында 47 үйден 200-ге тарта малда осы індет анықталған-ды. Сол кезде құзырлы орындар Астана қаласындағы ветеринария жөніндегі Ұлттық орталықтың зертханасы алған 32 талдаудың барлығында да аусыл індетінің вирусы табылғанын растаған болатын.

Бүгінгі таңда барлық шаруашылық ғимараттары зарарсыздандырылуда. Елді мекенге кіре беріске постар қойылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив