KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Үржар ауданында аусыл індетінің тағы 3 жағдайы анықталды

23.05.2013, 18:00 115


Үржар ауданы Ақшоқы ауылындағы 1 шаруашылық қожалығы мен 2 аулада 23-мамырда тағы да аусыл індеті тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш ауданда 13-мамыр мен 23-мамыр аралығында аусыл індетіне шалдыққан 700-ден астам ірі қара мал басы өртелді.

Індет ошағында шаруашылық ғимараттары, қора-қопсылар, радиусы 5940000 метр аумақ «Кристалл-900» ерітіндісімен зарарсыздандырылды. Індеттің алдын алу мақсатында 3453 бас ірі қара мал мен 4962 бас ұсақ тұяқты мал аусылға қарсы егілген.

"Бүгінгі таңда ауданда ветеринар мамандар ауру малдарды анықтау және тұрғындарға індеттің алдын алу, одан сақтану жолдарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда" дейді облыстық ТЖД-нің мамандары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив