KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында аусыл індеті әлі ауыздықталмай отыр

27.05.2013, 18:00 147


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында аусыл індеті әлі ауыздықталмай отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соңғы деректер бойынша, Ақшоқы ауылында індетке шалдыққан және ауру малмен бірге жайылған ірі қара малдың 1375 басы құртылды. Ауру мал өртеліп, мал қорымына көмілді.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде хабарлағандай, індет ошағын арнайы ерітіндімен залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бүгінге дейін 1 пайызды «Кристалл-900» ерітіндісімен радиусы 5940000 метр аумақ залалсыздандырылған .

3453 бас ірі қара мал мен 4962 ұсақ тұяқты мал аусылға қарсы егілді. Аулаларда ауру малдарды анықтау әлі де жалғасуда. Тұрғындарға аусыл індеті жайлы түсініктеме жүргізу шаралары қолға алынған.

27-мамырдағы мәліметтер бойынша, Жарма ауданында ірі қара мал арасында құтырық ауруының жаңа фактілері тіркелген жоқ.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив