KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

20 гектар алқапта төрт миллион түп өскін жайқалып тұр

13.05.2013, 18:00 137


Катонқарағай ұлттық табиғи паркі құрамындағы Медведка орманшылығының 20 гектар алқабында төрт миллион түп өскін күтіп-бапталып жатыр. Олардың ішінде балқарағай, Сібір қарағайы мен Сібір шыршасының тұқымдары бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл көшеттерді орманды қалпына келтіру кезінде кеңінен пайдаланады. Сондай-ақ, жыл сайын осы орман-
шылық ұжымы 300 мыңға таяу көшеттерді еліміздің, облысымыздың елді мекендерін көгалдандыру маусымда-рында тапсырыс бойынша таратып береді. Орманшылықта көшетті қайта отырғызу, арамшөптерден арылту жұмыстарына 40 шақты адам тартылған.

Ұлттық паркте орманды қалпына келтіру мақсатында ағаш көшеттерін өсіру, қатарын толықтыру, күтіп-баптау жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.

Парк ұжымы орманды ағаш ауруларынан арылту, аумағында өрт ошағын болдырмау, ағаштарды орынсыз кесуден сақтау шараларын жүргізумен айналысуда. Былтыр «Рахман қайнары» аймағындағы өртенген орманның орнына 15 гектар алқапқа жас көшеттер отырғызылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив