KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семей қаласында өрттен бір адам қаза болды

17.02.2013, 18:00 265


Семей қаласындағы 6-я Жоломановка көшесінде өрт шыққан жеке меншік үйден бір әйел адамның отқа күйген мәйіті табылды. Тағы бір ер адам 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде хабарлады.

Кеше Семей қаласындағы өртке қарсы орталық қызметтің кезекшілігіне жеке меншік үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер үйдің ағаш жабындылары, жеке заттар мен төсек-орынның жанып жатқанының куәсі болады.

Өртке қарсы қызмет мамандары кіре берістен қатты мас ер адамды табады. Оның екі аяғы, денесі 1-2 дәрежелі күйікке шалынған. Зардап шегушіге иіс тигені анықталды. Өрт сөндірушілер еркекті ауруханаға жеткізді. Үйдің төргі бөлмесінен 1955 жылы туған үй иесі әйелдің отқа күйіп қалған мүрдесі табылды. Қазір өрттің шығу себептері мен кінәлілер анықталуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив