KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұздың астына түсіп кеткен ер адам мен 5 жастағы баланы әлі іздестіріп жатыр

5.04.2013, 18:00 159


Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары бірнеше күн бұрын Ертіс өзенінде мұздың астына түсіп кеткен ер адам мен 5 жастағы баланы әлі іздестіріп жатыр , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, балғын Глубокое ауданындағы Березовка ауылының маңында жоғалып кеткен.

Ал ер адам болса Семей қаласынан 40 шақырым жердегі Кенжебай ауылының тұрғыны. 1959 жылғы азамат, жұбайының айтуынша, Ертіс өзенінің үстінен 27-наурызда өткен, кері қайтпаған.

Іздеу шаралары әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив