KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мұздың астына екі күн бұрын түсіп кеткен 5 жастағы баланы әлі тапқан жоқ

3.04.2013, 18:00 166


Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мұздың астына екі күн бұрын түсіп кеткен 5 жастағы баланы іздестіруде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Глубокое ауданындағы Березовка ауылында 2008 жылы туған ұл бала 2-сәуір күні кешке Ертіс өзенінде мұздың астына түсіп кеткен. Кеше күні бойы іздеу жұмыстары жүргізілгенімен бала табылған жоқ.

4-сәуірде таңғы сағат 4-тен бастап балғынды іздеу жұмыстары қайта жалғасты. Іздеу шараларына орталық құтқару стансасының 4 құтқарушысы , УАЗ автокөлігі жұмылдырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив