KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
480.11 532.25 5.14

Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры Шар қаласына барып қайтты

19.03.2013, 18:00 173


Жақында Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры Шар қаласының өнер адамдарының шығармашылық жетістіктерін көзбен көріп қайту үшін жолға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бұл жолғы сапар бұрынғылардан бөлектеу, ерекше болды деуімізге толық негіз бар, – дейді аталған театрдың маманы Олжас Соғымбайұлы. – Себебі, көрермен көптен бері мұндай қойылымдарды көрмеген болса керек, зал лық толды. Сапардың сәтті шығуына жиынның еркетайларға деген ертегімен басталуы да әсер еткендей. Жерлесіміз Айбек Тілеуханның «Бәйшешек іздеген қыз» атты ертегісі бүлдіршіндерді еріксіз баурап әкеткендігі соншалық, қойылымды қайталап қоюға тура келді. Кешкілік ұжымның театр репертуарында талай жылдардан бері табысты жүріп келе жатқан «Бір түп алма ағашы» атты қойылымды да көрермен жылы қабылдады.

Бұл сапардың басты мақсаты облыс тұрғындарымен өнер арқылы етене танысып, олардың өзара бірлік пен береке байланысын нығайту болған сияқты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив