KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Татар аспаздығының қалалық байқауында тіл үйірер ас мол болды

27.02.2013, 18:00 215


Семейде Юнус Ахметзянов атындағы татар аспаздығының дәстүрлі қалалық байқауы өтті. Дәмді жарысты облыстық татар қоғамдық орталығы мен «Ақ калфак» әйелдер бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Байқау Татар ұлттық аспаздығы күніне орайластырып өткізілді, деді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпарат секторының мамандары.

Байқаудың мақсаты келген қонақтарды татар ұлттық аспаздығының дәстүрлерімен таныстыру, татар ұлттық тағамдарын әзірлеуде кеңес беру, конкурсқа ең дәмді аспаздық өнімдерін әкелген қыз-келіншектерге сый-сияпат көрсету болды.

Кеш соңында жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив