KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Бородулихада мемлекеттік тілдің қажеттілігін танытуға арналған ток-шоу өтті

27.02.2013, 18:00 201


Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы «Біз қазақша сөйлейміз» атты ток-шоу ұйымдастырды. Ток-шоудың негізгі мақсаты аудандағы мемлекеттік тілді жетік меңгеріп жүрген өзге ұлт өкілдерін үлгі ете отырып, мемлекеттік тілдің қажеттілігін таныту болды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Тіл білгеннің тірегі беки бермек» атты бөлімде Абай атындағы толық емес орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі В.Парасюкова, үй шаруасындағы ана Н.Жирова, тау кең байыту комбинатының қызметкері Т.Серікова, Новошульба балалар үйінің тәрбиеші Д.Лазарев , Новошульба 51-өрт сөндіру бөлімінің қызметкері С.Колмогоров сияқты жастар өз ойларымен бөлісті. Олар «мемлекеттік тілді білу- менің болашағымның дұрыс бағыты» деп түсінеді екен.

Ток-шоудың «Баламды қазақшаға біл деп бердім» атты кезеңінде болашақта қоғамдағы орындары оңды болсын деп ниетпен өз балаларын балабақшадағы, мектептегі қазақ топтарының тәрбиесіне беріп жүрген ата-аналар сөз алды. Олар жиналғандарды « біз ұрпақтарымыздың болашақта Қазақ мемлекетінің лайықты азаматтары болғанын қалаймыз » деген пікірлерімен тәнті етті.

Кеш соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Р.Атаева жастарға мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы, оны білу-әрбір қазақстандықтың парызы екені жайында айтты.

«Нұр Отан» ХДП Бородулиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Камилаев «Біз қазақша сөйлейміз» акциясы жер-жерде өткізіліп жатқандығын атап өтті. Акцияға бүгінге дейін 4 мыңнан астам адам қатысып, 105 ақпарттык парақ таратылған, 65 қабырға газеттері шығарылды, 15 дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив