KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1,7 м/с, ОШ
477.13 525.85 5.24

Облыстық кітапханада өлкетану оқулары басталды

24.01.2013, 18:00 92


Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада өз өлкесінің тарихы, рухани мұрасы, туған өлкесінің әсем табиғаты, биылғы жылы аталып өтілетін айтулы күндер мен мерейтойлар туралы ақпарат беру мақсатында «Өлкетану оқулары –2013» шарасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ақын, ойшыл-философ Шәкәрім Құдайбердиевтің 155 жылдық мерейтойы, сонау Франция төрінде ән салып елімізді әлемге танытқан Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығы, Лениногорск өңірінің құрметті азаматы Николай Горбачевтің 90 жылдығы, сондай-ақ Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына ерекше назар аударылды. Шәкәрім Құдайбердиев туралы деректі фильмнен үзінділер, Оралханның жанды дауысы жерлестеріміздің шығармашылығын тереңнен түсінуге мүмкіндік берді.

Облыстық кітапханада өлкетану оқулары басталдыОблыстық кітапханада өлкетану оқулары басталды

Облыстық кітапханада өлкетану оқулары басталды

Секциялық мәжіліске қатысушылар Алаш астанасы атанған шежіреге толы, еліміздің көне шаһары - Семей қаласының тарихымен танысып, солақай саясат нәтижесінде жөнсіз ұмытылған алаш қайраткері, жерлесіміз Отыншы Әлжановтың өмірі мен қызметі туралы тың деректер алды. Оралхан Бөкейдің мұражайдағы жәдігерлерін қолмен ұстап көріп, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Сәрсен Аманжоловтың өмірі мен қызметі туралы жаңа зерттеулермен танысты. Кездесуге қатысушыларға Өлкетану оқуларының материалдары жазылған электронды диск сыйға тартылды.

Өлкетану оқуларының келесі кездесуі 31 қаңтарда өтеді. Бұл жолғы басқосу Ұлы Отан соғысына қатысқан тарихшы, өлкетанушы А. В. Потаповтың 90 жылдығына, Семей губерниясының тумасы, Мәскеудегі тарихи көпшілік кітапханасының негізін салған Н. Н. Яковлевтің 115 жылдығы, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім В. С. Крыгиннің 90 жылдығына арналады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив