KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Қырғызстанда 25 бала қар көшкінінің астында қалды

22.12.2012, 18:00 149


Қырғызстанның оңтүстік-батысында қар көшкіні оқушылар тобын басып қалды, олардың екеуі ажал құшты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Ош облысының Қара Құлжа ауданында орын алған. Балалар қырдан шаңғы теуіп ойнап жүрген. Қар көшкінінің салдарынан екі қыз бала мерт болды. Тағы екі ұл түрлі жарақттармен ауруханаға жеткізілді, олардың денсаулық жағдайы ауыр. Бұл турал елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабар таратты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қар көшкіні астында 25 бала қалды. «Қалған оқушылар құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқарылып қалды. Қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда», - деп атап өтті ведомствода.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив