KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған конференция өтті

1.10.2012, 18:00 236


Семейде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған «Мұхтар Әузов әлемі қазіргі ғылым кеңістігінде және зерттеу мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Конференцияға Түркия, Қытай сияқты шетелден келген ғалымдар қатысып, әуезовтану бағытындағы ой-толғамдарын ортаға салды. Мұхтар Әуезовтің туған күні қарсаңында өткізіліп отырған конференция ұлы жазушыға деген ұлттық құрмет пен әлемдік көзқарасты кеңейте түспек. Түрік университетінің доценті Карини Джахангир, Қытайдағы Цзиньзян университетінің профессоры Бақыт-бек Тайырұлы сияқты ғалымдар жазушы шығармалары-ның бүгінгі таңдағы өзектілігіне тоқталып өтті.

Мәселен, Қытайда әр тілде шығатын журналдар бар екен. Оның беттерінде күні бүгінге дейін әуезовтану мәселелері қарастырылып келеді. Ал түрік ағайындар Әуезовті оқыған сайын қазақ халқының тағдырына, тарихына үңіле түсуде. Конференцияның секциялық отырыс-тарында Әуезов әлемін халықаралық деңгейге көтеру тақырыбы қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив