KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Семейде Әуезовтің саяси ұстанымы сарапталды

25.09.2012, 18:00 167


Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік универ-ситетіндегі «Абай арманы» клубы заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің 115 жылдық мерейтойына орай кезекті отырысын өткізді. Жиында Астанадан арнайы шақырылған қонақ, белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай «Біртұтас Алаш идеясы және М.Әуезов» деген тақырыпта баяндама жасады. Клуб отырысына Түркиядағы Коня университетінің ғалымы Мерием Хакым да қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жазушы Тұрсын Жұртбай өз баяндамасында Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеясына, оның ішінде қазақтың ұлы қаламгері М.Әуезовтің сол кездегі саяси ұстанымына кеңінен тоқталып өтті. Ол Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолын ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген ғалым ретінде Алаштың ұлттық идеясы бес түрлі тұжырымға негізделді деп атап өтті. Бірінші ұстаным – атамекен, туған жер. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Екінші ұстанымда жердің астындағы, үстіндегі барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.

– Әлихан Бөкейхановша айтқанда, – деді Тұрсын Жұртбай, – «Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» деген мәселеге тыңғылықты қарау керек. Үшінші ұстаным – «Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Ал бесіншісі – ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру. Мұхтар Әуезов те өзінің саяси ұстанымында осыларды негізге алған. Алаштанушы ғалымға көптеген сауалдар қойылып, пайымды жа-уаптар қайтарылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив