KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

RADIO ALTAY жаңалықтары - 04 шілде 2012 жыл

3.07.2012, 18:00 118


[center]Кешкі шығарылым RADIO ALTAY

[/center

Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Астана күніне орай елордада Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері өткізілді. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңкесі және облыстың туристік әлеуетін паш ететін көрме ұйымдастырылды. Шығыстың өнер шеберлері мен жас орындаушылары Сарыарқа жұртын әсем ән мен күмбірлеген күйге бөлеп, «Туған күніңмен, Астана» атты мерекелік концертін ұсынды.

Жарма ауданы Жалғызтөбе кентінде салынып жатқан өндірістік әк шығаратын шағын зауыт құрылысы таяу уақытта аяқталып, іске қосылмақ. Еліміздің индустриялдық-инновациялық үдемелі даму картасына енген бұл өндірістің қуаты жылына 90 мың тонна өнім шығаруға жететін көрінеді. Бұл жоба іске асқанда шағын кентте 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Зайсан қаласындағы осыдан екі жыл бұрын жаңадан салынып, іске қосылған «Икеп» шаруа қожалығының ұн зауыты тәулігіне 120 тонна ұн шығарып жатыр. 15 адам жұмыстен қамтылған. Нанды осы шаруашылықтың наубайханасында пісіреді. Осы қожалық өз егістігінде бидай өсіріп, зауытты өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Өскемендегі этноауылда Зырян қаласындағы Достық үйінің есеп беру концерті өтті. Концертте ауданның этномәдени бірлестіктері мен мектептер жанындағы ұлттық-мәдени орталықтары Зырян өңірін мекендеген ұлттардың өнерін өнеге, дәстүрін паш етіп, әндері мен билерін жиналған жұртшылыққа асқан шеберлікпен орындап берді.

Ұлан ауданының орталығында 500 адамға арналған футбол алаңы бар стадионның ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Спорттың бірнеше түрінен кент тұрғындарының қатысуымен жарыстар ұйымдастырылды. Жиналған қауым бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін мойындарына алып, жергілікті жұртшылық үшін ерекше сый жасаған құс фабрикасының ұжымына алғыстарын білдірді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив