KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Бірлескен бағдарламаның берері мол

2.07.2012, 18:00 93


Кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының «Аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу және халыққа әлеуметтік қызметтерді көрсету арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Семей өңірін нақты мысалға ала отырып)» атты бірлескен бағдарламасын басқару жөніндегі комитеттің мәжілісі болып өтті. Мәжіліске облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ-ның Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Тулл төрағалық етті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Сондай-ақ, мәжілістің жұмысына БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының өкілі Джон Кукита, БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласы қорының директоры Николай Ботев, БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласы қоры кеңсесінің атқарушы өкілі Александр Косухин, еліміздің Экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары Санат Тұңғышбеков және облыстық басқармалардың басшылары, негізгі орындаушы-серіктестіктердің өкілдері қатысты.

Аталған бағдарлама халықтың өмір сапасын арттыруға және облыстың, соның ішінде бұрынғы Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың зардабын шеккен аудандардың жағдайын прогресті жақсартуды көздейді. Оның халықтың әлжуаз топтарының құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау үшін жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар аясында мемлекеттік ресурстарды пайдалану мен жоспарлаудың тиімділігін жоғарылату, халықтың әл-ауқатын арттыру бо-йынша әлеуетін және жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту, әлжуаз топтардың (әйелдер мен балаларды қосқанда) сапалы әлеуметтік және экономикалық қызметтерге қол жеткізуін жақсарту, сонымен қатар, әл-ауқат, денсаулық және бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша халыққа мейлінше сапалы ақпараттар беру сынды бағыттары қарастырылған.

Сонымен бірге аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ бағдарлама жоспарын бекіту барысында Еуропа, Азия елдерінің жақсы бастамаларымен танысып, іске жарату да артық болмайтындығын атап көрсетті. Сондай-ақ, облыста бағдарламаның іске асырылуына тиісті қолдау бола беретіндігін жеткізді.

Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселелерге орай БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының өкілі Джон Кукита, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары Санат Тұңғышбеков өз ой-пікірлерін білдір-се, бағдарлама бойынша ауданда атқарылып жатқан шаруалар жайында Бесқарағай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов ақпарат берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив