KZ
Өскемен
+5°
ясно Штиль
480.11 532.25 5.14

Көкжайықта Жеңіс саябағы ашылды

14.05.2012, 18:00 203


Көкжайық ауылында қайта күрделі жөндеуден өткен Жеңіс саябағы ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аумағы 1,35 га. болатын саябақ биыл 11,4 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Оның 6,4 млн. теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған бес млн. теңгесін «Елім-ай Көкпекті» ЖШС бөлген.

– Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Барлықтарыңызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Халқымызда «Өлі разы болмай, тірі байымайды», «Тарихсыз болашақ жоқ» деген ұлағатты сөздер бар. Күні кеше ғана Жеңістің 67 жылдық мерекесін атап өттік. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс болмаса, бүгінгі мемлекет те, бейбіт өмір де болмас еді. Оны біз әрқашан жадымызда ұстаймыз. Кешегі қанқұйлы соғысты көрген солдаттар – арамызда отырған Сіздердің орындарыңыз біздер үшін қашан да бөлек. Өмірлік мол тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз әлі де қажет біздерге. Ортамызда аман-сау жүре беріңіздер, – деген аймақ басшысы соғыс ардагері Мүтәлап Ықласовқа баспана кілтін табыс етті.

Бұл шараға соғысқа қатысып, Рейхстагқа қолтаңбасын қалдырған, «Қызыл Жұлдыз», екі «Отан соғысы» орденінің иегері Павел Щербаковтың қызы Вера Близнюк Алматыдан әдейі келсе, әкесінің жолын қуған әскери ұлы Мәскеуден ұшып келген. Тағы бір соғыс ардагерінің ұлы Анатолий Исадченко Ресейдің Севрополь қаласынан арнайы келіпті.

– Өзіміз өсіп, ержеткен ауылымыздағы бүгінгі шараларды көріп, қуанып қалдым. Қандай тамаша ескерткіш бой көтерген. Енді жиі келетін боламыз. Облыс басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді Анатолий Романович.

Салтанатты жиыннан соң облыс Әкімі көкжайықтықтармен бірге Жеңіс саябағына шырша көшетін отырғызды. Бұл – тірек ауылын көгалдандырудың алғашқы бастамасы болғаны анық.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив