KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Теледидарға телмiрiп, рекорд жасаған

13.05.2012, 18:00 111


Канадалық Суреш Жоаким теледидарды 72 сағат бойы үзбей қарап, рекорд жасады. Ол әлем жұртшылығын осымен екiншi рет таңғалдырып отыр.

Үш тәулiк, яғни, 72 сағат iшiнде Жо-аким «24 сағат» телесериалының үш маусымын бiр мезгiлде тамашалапты. Теледидардан көз алмай отырып, 30 саптаяқ кофе iшкен. Канадалық азамат «Гиннестiң рекордтар кiтабына» мұның алдында да енiптi. Ол кезде теледидарды 70 сағат бойы үзбей қараған болатын.
Бұған қоса, былтырғы қазан айында Клаудиа Вавра есiмдi немiс қызымен бiрге қатарынан 57 кино қарап, «әлемнiң ең үздiк киноқұмары» атанды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив