KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шығыс ауылы ма, әлде, Новоявленка ма?

4.05.2012, 18:00 104


Өскемен қалалық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жандос Байырханов бір белгіге ақша таба алмай отыр.

Өскемен қаласының құрамына кіретін Меновное ауылдық округіне қарасты елді мекендердің атауларынан бүгінде мән кетіп тұр...

Ауылдық округтегі бір кемшілік – облыс орталығының іргесінде жатқан ауылдардың аты-жөндері жазылған жол белгілеріндегі жазулар мүлдем көрінбейді. Мәселен, Прудхозымыз – рудхоз, кей жерде удхоз, Новоявленкамыз – яв..а, тоған шаруашылығымыз – оға шаруашылығы болып сәнін де, мәнін де кетіріп тұр. Кей жерлердегі жол белгілері соңғы рет қашан жөнделгені де белгісіз. №71 бағыттағы автобуспен Ахмер, Шығыс, Новоявленка, Прудхоз ауылдарын басып өткенде көретініміз – осы.

Новоявленка ауылының тұсынан Өскемен – Семей тас жолына дейінгі жазық аумаққа «Нұрлы көш» бағдар-ламасының аясында Шығыс ауылы бой көтерген болатын. Біле білсеңіз, тас жолдың бойында сол ауылға жол нұсқайтын, ауылдың Шығыс деп аталатын әдемі атын әйгілеп тұратын бірде-бір белгі жоқ. Мұндағы қоныстанған тұрғындар бірі «Шығыс» деп, бірі «Нұрлы көш» деп өз қалауларымен ат қойып, айдар тағып жүр. Жол бойындағы белгі оның арғы жағында орналасқан Новоявленкаға жол сілтеумен шектеледі. Жол үстімен жүрген жұрттың оны Шығыс ауылы емес, Новоявленка ауылының жаңадан салынған бөлігі деп түсініп жүргендері айдан анық.
Білуімізше, жол белгілерін, елді мекендер атауларын нұсқайтын белгілерді қалалық тұрғын үй-коммуналды ша-руашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі орнатып, жөндеуге тиісті. Мәселенің мән-жайын білмек ниетпен тиісті мекеменің телефонын терген болатынбыз. Телефон тұтқасын көтерген бөлімнің бас маманы жол белгілерін орнатуды жол полициясы қызметкерлерінің анықтап берген тапсырыстары негізінде жүзеге асыратындықтарын, биылғы 1-сәуірге дейін солардың айтуымен Меновное ауылдық округінде 15 белгі орнатқан-
дарын айтады. Біз сөз етіп отырған ауылдардағы белгілер туралы сұрағанымызда, аты-жөнін айтудан бас тартқан бас маман ол жөнінде жол полициясы басқармасына хабарласуымызды өтінді.

Хош, бас маманның нұсқауымен облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының өкілі Алмас Айтқазиновқа хабарластық. Мән-жайды түсіндіргенімізде ол жол белгілері міндетті түрде жол полициясының тапсырыстары арқылы ғана емес, егер тұрғындардан өтініш түскен жағдайда қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жасалып, орнатыла беретіндігін жеткізді. Толығырақ ақпарат алғыларыңыз келсе, біздің басшылыққа жазбаша хабарласыңыздар деді тағы да.
Осылайша бұл жауапқа да толық қанағаттана алмадық. Басқа жауаптарды тек жазбаша түрде береміз деген маманның сөзі есімізге түсіп, жоғарыда аталған бөлімнің бастығы Жандос Байырхановтың атына қызметтік хат жолдадық. Арада үш жұмыс күні өткен-де бөлім бастығының қолы қойылған төмендегі мәтінде хат келді.
«Сіздің Меновное ауылдық округіне қарасты Новоявленка, Прудхоз ауыл-дарындағы жол белгілерінің ескіргендігі және «Шығыс» ауылына жол сілтейтін белгінің орнатылмағандығы жөніндегі сауалыңызға Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қалалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа ақпаратты-көрсеткіш белгілерін орнату қарастырылмаған деп хабарлаймын».
Қаз-қалпында берілген мәтіннен ұққанымыз, Өскемен бюджетінен бөлінетін қаражатқа ақпаратты-көрсеткіш белгілерін орнату қарастырылмаған болып шықты. Яғни, ағымдағы жылдың тапсырысына біз айтып отырған елді мекендердің жол белгілері кіргізілмеген. Ал әзірге оның қашан жаңартылатыны белгісіз...

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив