KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Жаңа президент қызметіне кірісті

23.03.2012, 18:00 98


Германияның жаңа президенті Йоахим Гаук ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті. Арнайы рәсім қос палата депутаттарының жиналысы кезінде өтті.
Президент лауазымына Гаукты наурыздың 18-де Федералды кеңес мүшелері сайлаған. Оның кандидатурасын 1 мың 240 адамның 991-і қолдады. Сонымен қатар, Гаукты алты парламенттік партияның 5-і ұсынды. Олардың қатарында канцлер Ангела Меркельдің басшылығындағы билеуші партия да бар.
72 жастағы Йоахим Гаук Германия Демократиялық Республикасы кезінде коммунистік режимді қолдаған пастор, құқық қорғаушы болды.

http://kaztrk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив