KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Бірінші орынды жеңіп алды

12.02.2012, 18:00 166


Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Еркежан Дәулетқанова Мәскеуде өткен физика пәні мектеп оқушылары арасындағы халықаралық ғылыми жоба байқа­уынан бірінші орынды жеңіп алып, еліне қуанышпен оралды.

Бұған дейін де өзінің білім жолындағы жеткен жетістіктерімен көзге түсіп жүрген дарынды оқушы мұның алдында өз еліміздегі пікір-сайыс турнирінің «Үздік спикері» атанған болатын. Ал бұл жолғы жеңістің жөні бөлек. Сондықтан ол Алматыдағы Қазақ-Британ университетіне емтиханнан тыс қабылданудың мүмкіндігіне ие болып отыр.
«Еркежанды осы сайыстарға баулыған ұстазы физика пәнінің мұғалімі Гүл Тұрақанованың еңбегін де айта кетсек артық болмас. Шәкірт пен ұстазын жуықта мектеп ұжымы құттықтады», дейді осы білім ошағының кітапханашысы Орал Орынбаева.

egemen.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив