KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Семей подъездерін қырау басып тұр

6.02.2012, 18:00 195


Семейде қатты аяздың салдарынан жылыланбаған үйлер ақ қырауға оранған, деп хабарлайды Altaynews.kz.-тің меншікті тілшісі.

Кабельный тұйықкөшесі, 9, Найманбаев көшесі, 153 және өзге де көптеген үйлердің подъездері аяз түскеннен бергі екі аптаның ішінде мұзды моншаға айналғандай. Төрт қабатты үйлердің алғашқы екі қабаты түгелдей буланып, терезелер мен есіктер, баспалдақ жақтаулары мен еденді қадың қырау басып тұр. Тұрғындар үйді қақаған қыс мезгіліне тиісінше дайындамағандарын мойындап отыр. Үйдегі пәтерлердің жартысына жуығы жалға берілгендіктен, тұрғындар сыртқа темір есік орнатуға, терезелерді шынылауға қаражат жинай алмайды. Күзде үйлерге жылу берілген, пәтерлердегі температура 27 градус жылы.

Будың әсерінен ылғалданған подъезд қабырғаларының бүгінгі күйі мен оларды қалпына келтіруге қаншама қаражат керек екендігі үй иелерін әзірге толғандырмайтындай. Бұл ғимараттардың ескілігінен берілген жылу ысырап болып далаға кетіп қана қоймай, оның техникалық жағдайына да кері әсерін тигізуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив