KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

«Алтай» Премьер-лигаға шыға алмай қалды

4.11.2018, 12:42 167


Семейлік «Алтай» келесі жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетпейтін болды. Жерлестеріміз футболдан бірінші лига командалары арасындағы биылғы ел чемпионатының соңғы турында үш ұпайға ие болғанымен, жоғарғы дивизионға берілетін жолдамаға қол жеткізе алмады.


Ел чемпионатының соңғы, 33-ші турында өз алаңында Қызылорданың «Байқоңырын» қабылдаған семейлік ұжым 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жарысты 62 ұпаймен төртінші орында аяқтады. Біздің футболшыларға турнир кестесінің үшінші сатысындағы шымкенттік «Қыранды» орнынан ығыстыру үшін небәрі үш-ақ ұпай жетпей қалды. Соңғы турда алтайлықтар секілді қарсыласынан (теміртаулық «Шахтер-Болат») 2:0 есебімен басым түскен шымкенттіктер енді іріктеу ойындарына қатысатып, Премьер-лигаға берілетін жолдама үшін таласатын болады.


Ал биылғы чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші және екінші орындарға ие болған көкшетаулық «Оқжетпес» пен «Тараз» командалары келесі маусымды бірден жоғары дивизионда бастамақ.


«Алтайға» келер болсақ, былтыр ғана екінші лигада өнер көрсеткен Сергей Тимофеевтің шәкірттері алдағы жылы биылғыдан да тәуір нәтижелер көрсетіп, жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуантады деп сенеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив