KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазақстандық дербиде «Торпедоның» мерейі үстем болды

28.08.2018, 07:26 113


Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан хоккейден В.Шилов атындағы турнир аясында өскемендік «Торпедо» Қарағандының «Сарыарқасымен» кездесіп, ойын соңындағы буллиттер сериясында жеңіске жетті. Қорытынды есеп 2:1.


Осылайша, жаңа маусымдағы алғашқы қазақстандық дерби өскемендік команданың пайдасына аяқталды. Естеріңізге салайық, «Торпедо» жақында басталатын Жоғары хоккей лигасының 2018-2019 жылдарғы маусымы алдында бірнеше турнирге қатысқан болатын. Соның бірі – осы В.Шилов атындағы жарыс. Турнирдің бірінші күні айдын иелері петерборлық «Динамодан» 1:2 есебімен жеңіліс тапқан, жерлестеріміз енді міне алғашқы ұпайларына ие болып отыр.


«Сарыарқаға» қарсы ойындағы есепті матчтың жетінші минутында «Торпедо» шабуылшысы Кирилл Полозов ашты. Дегенмен екінші кезеңде қарағандылықтар Желнеровскийдің көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Ал буллиттер сериясындағы жеңіс шайбасын Евгений Рымарев соғып, осылайша командасына екі ұпай сыйлады.


Бүгін торпедолықтар турнирдегі үшінші кездесін өткізеді. Бұл жолы Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттеріне Ханты-Мансийск қаласының «Югра» командасы қарсылас атанбақ.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив