ШҚО-да балабақша есепшісі 12 млн теңге жымқырған
Фото: depositphotos.com
ШҚО-дағы балабақшалардың бірінде есепші 12 миллион теңгеден астам ақшаны өз еспшотына заңсыз аударып келгені анықталды.
Өз кінәсін толығымен мойындаған ол келтірілген шығынды толығымен өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Облыстың прокуратура «Катюша бала-бақшасы» КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегенін анықтады.
- Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қызметі жүргізді. Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуға сотталды, - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз