Өскемендік тәртіп сақшылары түлектерге үндеу жариялады
Фото: pexels.com
Өскемен қаласында 20 маусым мен 2 шілде аралығында мектеп түлектерінің бітіру кештері өтеді. Осыған орай Өскемен қаласының ПБ үндеу жариялады.
Тәртіп сақшылары түлектерден спирттік ішімдік тұтынбауды сұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Осыған орай, Үлбі ПБ КТІБ учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті қорғауға, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Кештерде кезекшілік ұйымдастырып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды қадағалайды және алкогольдік ішімдіктерді тұтынатын тұлғаларды анықтап, профилактикалық жұмыстар жүргізеді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз