KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Доллар тағы арзандады

Фото: egemen.kz

19.07.2023, 18:06 126

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түсті.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 442,68 теңге болды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,15 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,5 теңгеден болса, сатып алу – 445,5 теңге. Алматыда Ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы – 4,79-4,89 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу