Депозиттерде халықтың 17 трлн теңгесі сақтаулы
Фото: egemen.kz
Қазақстан банктерінде халықтың 17 трлн теңге депозиті сақтаулы.
Бұл деректі «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының төрағасы Әділ Өтембаев мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
— Қазіргі таңда халықтың банк депозиттеріне деген сенімі жоғары деңгейде деп айтуға болады. Бұған мынандай статистика дәлел бола алады. Кейінгі 4 жылда халықтың депозиті 2 еседен астам ұлғайып, екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелеріндегі үлесі 44%-ға жетті. Алайда халық депозиттерінің көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 17 трлн теңгеден асса да, әлі де ақшасын «жастығының астына басып отырғандар» бар, - дейді ол.
Әділ Өтембаев елдегі банктер халықтың аталған санатымен жұмыс істей түсуі керек деп есептейді.
— Банктерде ақшалай қор жинау жағдайы көп жағдайда халықтың отандық банк жүйесіне деген сенімінің арқасында қалыптасты деп айтуға болады, - дейді қордың басшысы.