KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті – Президент

Фото: egemen.kz

1.09.2023, 11:39 216

Мемлекет басшысы елде жақсы дамыған кен өндіру саласындағы мәселелерді тілге тиек етті.

Елдегі ірі өндіріс орындарына жақын тұратын халықтың наразылығы күшейе бастаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс.
Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда.
Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс, – деп түсіндірді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив