Жылу энергетикасын дамыту мәселесі талқыланды - ШҚО
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Парламент Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының басшысы Асхат Рахымжановпен кездесті.
Депутат Шығыс Қазақстанда сайлаушылармен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы облыстың өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабардар етіп, басты міндеттерге тоқталды. Оның ішінде екі жаңа ауданның – Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарының ашылуына байланысты дайындық жұмыстары туралы айтып берді.
Кездесуде кең ауқымды мәселелер қарастырылды, атап айтқанда шағын және орта бизнесті дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар, Риддер ЖЭО-ның жұмысы, жаңа ЖЭО құрылысы аясында жалпы облыстың жылу энергетикасын дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ тау-кен саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау жайында сөз қозғалды.