KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Сайт арқылы сатқан: өскемендіктен 20 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

16.10.2024, 14:00 87 Ержан Әбіш

Өскемен тұрғыны марихуана мен гашишті сату үшін арнайы сайт ашқан. Тәртіп сақшылары оны ұстап, 20 млн теңгенің есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы ер адам өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін веб-сайт пен танымал мессенджерлердің бірінде парақша ашқан.

«Сол арқылы клиент тауып, төлемді алғаннан кейін есірткіні алдын ала келісілген орындарға қалдырып кетіп отырған. Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әр алуан түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады. Жедел уәкілдер «қара нарықта» құны 20 млн теңгеден асатын 1 келіден астам есірткіні тәркіледі», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары үйден таразыларды, орайтын материалдар мен электронды құрылғыларды тапқан. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол заттарды өсіретін тұқымдарға шетелден тапсырыс берген.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу