KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Жигули Дайрабаев: Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрдық

17.04.2023, 18:12 263

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасының қонағы болып, біраз қызық сауалдарға жауап берді.

Сұхбат барысында ол отбасымен депутаттарға арналған қызметтік пәтерге көшкенін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

«Мен біреуге бір кінә қоятын адам емеспін. Астанаға келгеніме 3,5 жылдай болды. Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. Сұранысқа байланысты енді үй алдым», деп бөлісті депутат.

Сондай-ақ Жигули Дайрабаев көлікті тек өзі жүргізетінін айтты.

«Көлікті өзім айдаймын. Депутат болғалы 2-3 апта болды. Үкіметтің көлігін көрген де жоқпын, қызығып сұраған да жоқпын. Өз көлігім бар, сонымен жүремін. Көлік мінгеніме 52 жыл болды, бүкіл Қазақстанды өз көлігіммен аралап шықтым»,  деді Жигули Дайрабаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу